Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау
Алматы қаласында Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы базасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, профессор-оқытушылар құрамы, заңгерлер мен студенттердің белсенді қатысуымен өтті.
Кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова, сондай-ақ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» республикалық коалициясының өкілдері қатысты.
Талқылау барысында ұсынылып отырған конституциялық түзетулердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, билік тармақтарының теңгерімін нығайту, өкілді органдардың рөлін арттыру, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту және заң үстемдігін қамтамасыз ету тетіктерін күшейту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, конституциялық өзгерістердің құқық қолдану тәжірибесіне ықпалы, заңнаманы жетілдіру және құқықтық мәдениетті дамыту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, ұсынылған конституциялық реформалар құқықтық жүйені жаңғыртуға және елдің тұрақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.