"Samal water" ЖШС еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған түсіндіру кездесуі.
Сенатор Жанна Асанова Алматы қаласы Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Мақсат Қиқымовпен және қалалық коалиция мүшесі Аладин Мұстафаевпен бірлесіп «Samal water» ЖШС еңбек ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында реформалар жөніндегі Конституциялық комиссия жариялаған жаңа жоба 11 бөлім мен 95 баптан тұратыны айтылды. Құжат мемлекеттің адамға бағдарлану сипатын күшейтуді, Қазақстан халқына тән негізгі құндылықтар мен қағидаттарды айқындауды және саяси институттар жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, ұсынылған конституциялық реформалар құқықтық жүйені жаңғыртуға және елдің тұрақты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.