Сенатор Жанна Асанова"Қазпошта" АҚ ұжымымен жаңа конституция жобасын талқылады
Депутат Жанна Асанова «Қазпошта» акционерлік қоғамына барды.
Ұлттық байланыс операторының ұжымымен кездесу барысында ҚР жаңа Конституциясының жобасына енгізілетін негізгі түзетулер және олардың азаматтардың әлеуметтік қорғалуына әсері түсіндірілді.
Сондай-ақ, Жанна Асанова өз сөзінде: «Конституциялық реформа — бұл жай ғана заңдық рәсім емес, бұл Әділетті Қазақстанды құрудың іргетасы. «Қазпошта» сияқты стратегиялық маңызы бар компанияның әрбір қызметкері жаңа нормалардың қарапайым еңбек адамының мүддесін қорғауға бағытталғанын түсінуі біз үшін өте маңызды», — деп атап өтті.