Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Жанна Асанова мен Марат Қожаев Алматының еңбек ұжымдарымен жаңа конституция жобасын талқылады

26.02.2026 146

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жанна Асанова мен Марат Қожаев «Qulager» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спортшыларымен және жаттықтырушылар құрамымен, сондай-ақ «BRB APK» ЖШС еңбек ұжымымен кездесулер өткізді.

Іс-шаралар барысында сенаторлар алдағы республикалық референдум мен жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді. Жаңартылған Ата Заң жобасы елде жүзеге асырылып жатқан жүйелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың қисынды жалғасы екені атап өтілді.

Спикерлер ұсынылған өзгерістер мемлекеттік жүйені одан әрі жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, заң үстемдігі принциптерін нығайтуға, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтуге бағытталғанын ерекше атап өтті.

Тікелей демократияның маңызды құралы ретінде азаматтардың жалпыхалықтық дауыс беруге қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сенаторлар қатысушыларды белсенді азаматтық позиция танытуға және референдумға қатысуға шақырды.

Кездесулер аясында ашық әрі сындарлы диалог орнады. Спорт саласының өкілдері мен кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстарын білдіріп, көкейкесті сауалдарын қойды және олар бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер алды.

Іс-шаралар соңында қатысушылар жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін растады

Бөлісу