Алматыда бизнес-қоғамдастық өкілдерімен жаңа Конституция жобасы талқыланды
Алматыда жаңа конституция жобасын талқылауға арналған бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға кәсіпкерлер, салалық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ республикалық және қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.
Диалог барысында Парламент Сенатының депутаттары Марат Қожаев, Жанна Асанова және Нұрия Ниязова жеке меншікті қорғау, кәсіпкерлік бостандығы, адал бәсекелестік пен Заң Үстемдігі қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, жаңа Негізгі Заң жобасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың институционалдық тетіктерін күшейтуге және экономикалық өсу үшін ұзақ мерзімді жағдайларды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
"Конституциялық өзгерістер кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялар тартуға және іскерлік белсенділікті арттыруға берік негіз жасайды. Бұл құқықтық мемлекет пен тұрақты экономиканы нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам", - деп қорытындылады сенаторлар.