Аймақтарға сапарлар
А. Сатвалдиев Түркістан облысындағы Созақ ауданында болып, уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл конструкцияларын өндіру зауытының қызметкерлерімен кездесті.
Одан кейінгі кездесу орталық аудандық ауруханада өтті. Емдеу мекемесінде 60 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі. Аурухананың дәрілерлері қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, науқастардың қажетін қанағаттандыратын және аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға ықпал ететін жоғары сапалы көпсалалы қызметтерді ұсынып келеді.
Сенатор Созақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне болып, орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстары туралы хабардар болды. 2022 жылға дейін орман қоры аумағында 105,1 мың га жерге орман көшеті отырғызылған болатын. 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында 32 мың гектар алқапқа орман отырғызу жоспарланған, бұл өңірдің экологиялық проблемасын шешуге ықпал етеді. Атом энергетикасының артықшылығы мен оның Қазақстандағы даму келешегі – кездесулердің негізгі тақырыбы болды.