Сенаторлар Түркістан облысындағы Созақ ауданында болып, уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл конструкцияларын өндіру зауытының қызметкерлерімен кездесті.
Одан кейінгі кездесу орталық аудандық ауруханада өтті. Емдеу мекемесінде 60 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі. Аурухананың дәрілерлері қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, науқастардың қажетін қанағаттандыратын және аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға ықпал ететін жоғары сапалы көпсалалы қызметтерді ұсынып келеді.