Сенатор Алишер Сатвалдиев ҰҚШҰ ПА тұрақты комиссиясының отырысына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссиясының кезектен тыс бірлескен отырысына қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібі бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үйлестіру жөніндегі ҰҚШҰ-ның 2026-2030 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасының жобасы туралы мәселе қаралды. Аталған бағыттағы жұмыс қауіпсіздік, құқықтық тәртіп және қазіргі заманғы қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықтың нормативтік базасын одан әрі нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
Қатысушылар сонымен қатар ҰҚШҰ ПА-ның «Көпполярлы әлемнің қалыптасу жағдайында халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» мәлімдемесінің жобасын талқылады. Өңірлік тұрақтылықты нығайтуда келісілген тәсілдер мен сындарлы диалогты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)