Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға және Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапарларының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайда мәдени орталықтарды өзара құру туралы шешім қабылданды.
Өзара мәдени орталықтарды құру туралы Үкіметаралық келісім Астанада 2023 жылғы 27 қарашада жасалды (ҚР Үкіметінің 24.11.23 жылғы
№ 1035 қаулысы). Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева қол қойды.
Бүгінде Келісімді жүзеге асыру мақсатында Министрлік «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.
Бұл заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржыны талап етеді. Министрлік өз кезегінде Республикалық бюджет комиссиясының қарауына Пекинде қазақстандық мәдени орталықтың ашылуы мен жұмыс істеуіне қажет 2025-2027 жылдарға арналған 1 млрд 340 млн 904 мың теңге көлемінде бюджеттік өтінім енгізді. Атап айтқанда:
- 2025 ж. – 611 млн. 730,0 мың теңге;
- 2026 ж. – 364 млн. 284,0 мың теңге;
- 2027 ж. – 364 млн. 890,0 мың теңге.