«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
Келісімге 2021 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылды (Өзбекстан Республикасы Президентінің 06.05.2022ж. №ПП-236 қаулысымен осы Келісім ратификацияланды).
Келісімнің мақсаты Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарын бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Келісімде Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына:
- Тараптардың кеден органдары балансында есепке алу тораптары (аспаптары) тұрған ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу жөніндегі ай сайынғы іс-шараларды жүргізу;
- есепке алу аспаптарына салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының тұтастығын, сәйкестендіру құралдарын жоюды/салуды тексеру жолымен бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру көзделеді.
Бұдан басқа, Келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелеріндегі өз қызметінің тәжірибесі туралы, анықталған фактілер және мемлекеттердің кеден істер саласындағы ұлттық заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактілері және анықтау тәсілдері мен олардың жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу көзделеді.