«2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
комитеттің 2023 жылғы 16 мамырдағы кеңейтілген отырысында Заң бастамашысының және Сенат Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен қарап, мыналарды атап өтеді.
Заң 2021 жылғы 19 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қол қойылған 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (бұдан әрі – Хаттама) ратификациялауға бағытталған.
Хаттаманың негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Келісімнің бірқатар баптарына редакциялық және заңдық сипаттағы өзгерістер енгізу болып табылады.