Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлібек Нәутиев өңірлерге шығу шеңберінде Атырау облыстық мәслихат депутаттарымен, төтенше жағдайлар, экология департаменттері мен экология, ауыл шаруашылығы басқармалары басшыларымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

14.07.2023 304

2023 жылғы 14 шілдеде Сенат депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында облыстағы экологиялық, әлеуметтік жағдайлар, бюджеттік алымдар, инфраструктура, тұрғын үймен қамту, мұнай газ кешені саласында жұмыс жасап жатқан өнеркәсіп орындарының мәселелері мен вахталық жұмыс күнін 14 күнге азайту мәселелері талқыланды.

Содан кейін, Атырау облыстық төтенше жағдайлар, экология департаменттері мен экология, ауыл шаруашылығы басқармалары басшылары және «КазСуШар» РМК мекемесі басшысымен кездесті. Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, сумен қамту, Азғыр және Тайсойған өңірлерінің жағдайлары кеңнен әңгіме болды.

Бұдан басқа, депутат Атырау облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ҚР Сенатының өткен сессиядағы атқарған жұмыстарының барысы жөнінде хабардар етті. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірқатар сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар өңірдегі проблемалық мәселелер, оның ішінде көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық мәселелері, білім сапасы, медициналық қамту жағдайлары кеңнен талқыланды.

Бөлісу