Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды.
Депутаттар сонымен қатар «Қазмырыш» ЖШС-нің Өскемен металлургиялық кешенінде, Үлбі металлургиялық зауытында, «Үлбі-ТВС» ЖШС-інде, сондай-ақ Өскемен арматура зауытында болды.