Сенат депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысы Индер ауданында іс-сапармен барды
Сенат депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысы Индер ауданында болып, ауданда салынып жатқан көп қатарлы тұрғын үй, ауыл ішілік жолдар құрлысымен танысып шықты.
Аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлермен кездесу кезінде келесідей бірқатар проблемалық мәселелер көтерілді:
- өңірдегі денсаулық сақтау саласының деңгейі
- білім беру саласындағы жайлар
- мүлікті сақтандыру
- спорт мектептеріндегі еңбек ақы, кадр дайындау
- грантпен оқыған жастардың жергілікті жерге келіп жұмыс жасауы
- мал шаруашылығындағы қарақұртпен күрес
- тасқын кезінде салынған дамбыларды балансқа алу жайлары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, Сенатор Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновпен кездесуі барысында тасқын су зардаптарын жою, шекара аймағында орналасқан Азғыр өңіріндегі әлеуметтік жағдайы, облыс көлеміндегі жол құрлысы, әлеуметтік сала обьектілерін пайдалануға беру, бюджет мәселесі талқыланып, оның шешу жолдары әңгіме болды. Осы кезеңде аймақта тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында жаңа өндірістерді іске қосу арқылы жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту үшін жағдайларды жасау да талқыланды.