Сенат депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысы Қызылқоға ауданында болып, бірқатар әлеуметтік обьектілерді қарады
Сенат депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр, Сағыз және аудан орталығы Миялы ауылдарында болып, бірқатар әлеуметтік обьектілерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдақ Кеңес құрамы және аудан активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында және нысандарда болу кезінде бірқатар мәселелер көтерілді. Оның ішінде бірнеше елді мекенді ауыз сумен қамтып отырған Кереген-Сағыз топтық су құбыры, Мұқыр елді мекеніндегі мәдениет үйі, Сағыз елді мекеніндегі спорт алаңы, көпір мәселесі, аудан орталығы Миялы елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтитын Тайсойған-Миялы топтық су құбыры, Ералы су қоймасы, тасқын су кезінде шайылып кеткен көпірлер мен жолдар мәселелері қозғалды. Аталған мәселелердің жергілікті тұрғындар үшін аса қажетті жағдайлар. Сондықтан олардың шұғыл шешу үшін Үкімет тарапынан қолдау қажеттігі туындап отырғаны туралы сөз қозғалды.