Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Әлібек Нәутиев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын қарау бойынша Комитеттің отырысында баяндама жасады

20.06.2023 281

«Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң еліміздің аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформалармен байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Заңда онлайн-платформаларды пайдаланушылар мен онлайн-платформалар меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу көзделеді, құқыққа қарсы контентті, жалған ақпаратты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған. Онлайн-жарнаманы орналастыруды және таратуды құқықтық реттеу жөніндегі нормалар көзделеді.

Ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінің нормаларын негізгі Заңның нормаларына сәйкес келтіруге бағытталды.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы қылмыстық жауаптылықпен қатар (ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы) жалған ақпаратты орналастыратын немесе тарататын онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін – 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын инфлюенсер (блогерлер) үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауаптылық енгізіледі.

Жалпы, Заңдар жалған ақпараттың жаппай таралуына және блогерлердің бақылаусыз қызметіне және олардың көлеңкелі жұмыспен қамтылуына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу