Сенатор Руслан Рүстемов ЕҚЫҰ ПА-дағы ҰҚШҰ мүшелерінің үйлестіру кездесуіне қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің парламенттік делегациялары басшыларының үйлестіру кездесуіне қатысты.
Депутат ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің парламенттік делегацияларының сыртқы саяси қызметін үйлестіру мәселелерін басқа елдерден келген әріптестерімен бірге талқылады.
Кездесуге қатысушылар шара қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ ПА-ның алдағы 23-ші қысқы отырысының өзекті мәселелерін талқыға салды.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)