Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы

27.02.2024 147

2022 жылғы 10 мамырда Анкара қаласында жасалған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан мен Түркия арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуды жақсартуға мүмкіндік береді.

Келісімді әзірлеуші Орган – «Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі».

Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Түркия тасымалдаушыларының бір сапарда әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, Халықаралық жүк тасымалдарын жеңілдетуге жәрдемдесу болып табылады.

Заң жобасында Қазақстан мен Түркия арасында автокөлікпен, теміржол және теңіз көлігімен орындалатын жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту үшін көліктің бірнеше түрін дәйекті пайдаланумен халықаралық жүк тасымалдарын жеңілдетуге, сондай-ақ сауда - экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу көзделеді.

Осы заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдары Қазақстан мен Түркия арасында автомобиль және теміржол көлігімен жүктерді транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруды нормативтік қамтамасыз ету болады.

Экономикалық салдары Қазақстан мен Түркия арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуды жақсарту болады.
Бөлісу