Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы
Жоғары деңгейдегі уағдаластыққа және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы ҚР мен ӨР арасындағы одақтастық қатынастар туралы Декларациясының 17 пунктіне сәйкес Қазақстан Президентінің Өзбекстанға 2022 жылғы 22 желтоқсанда жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде Ташкент қаласында екі мемлекет басшыларымен шартқа қол қойылды.
Анықтама ретінде:17 пункттің мәтіні:
Мемлекет басшылары өз үкіметтеріне жақын уақытта Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт жобасын әзірлеуді және оған қол қоюды тапсырды.
Өз кезегінде, 18 пунктке сәйкес, ҚР мен ӨР Президенттері Қазақстан мен Өзбекстан арасында шынайы одақтастық қатынастардың дамуы екі мемлекет арасындағы тату көршіліктің мәңгілік достығының дәнекерін нығайтуға ықпал ете отырып, бауырлас екі халықтың түпкі мүдделеріне сай келетініне, сондай-ақ қос мемлекеттің орнықты дамуына және халықаралық аренада олардың беделін арттыруына әсер ететініне сенімдерін білдірген болатын.
Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары 1998 жылғы 31 қазандағы ҚР мен ӨР арасындағы мәңгілік достық туралы шартқа және 2013 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартқа негізделген. Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын ықпалдастықтың іс жүзінде барлық салаларын қамтитын 90-нан астам құжат құрайды.
Осы Шарт саяси, әскери, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.
Сонымен қатар, құжат екі мемлекеттің парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдеседі.
Бұл Шартпен тараптар Мемлекет басшылары жетекшілік ететін Жоғары Мемлекетаралық кеңесті құруда. Жоғары Мемлекетаралық Кеңестің қызметін үйлестіру Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне жүктеледі.
Жоғары Мемлекетаралық Кеңестің отырыстарына «Тараптардың» үкіметтері мен парламенттерінің басшылары мен мүшелері, сондай-ақ шақырылған адамдар қатыса алады (келісім бойынша).
Шартпен халықаралық аренада, оның ішінде өңірдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту ісінде өзара іс-қимылды нығайту қарастырылған.
Сыртқы саясатты үйлестіру мақсатында тараптар жоғары және жоғарғы деңгейлерде, оның ішінде қауіпсіздік кеңестері хатшылары мен сыртқы істер министрлерінің қатысуымен тұрақты кездесулер тетігін пайдаланатын және жетілдіретін болады.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына және Шарттың 24 бабына сәйкес ол ратификациялануға жатады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазіргі таңда өзбек тарапы ү.ж. 1 желтоқсандағы Шарттың ратификацияланғаны туралы ноталық тәртіппен хабарлады.
Анықтама ретінде: Шарт 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Тараптар осы Шарттың ережелерін түсіндіру үшін орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстанның сыртқы саяси мүдделері тұрғысынан шарттың күшіне енуі:
– екі бауырлас ел арасында одақтастық қатынастар орнатуға;
– екі мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытуға;
– экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіптік (азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету), ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал етеді.
– көпжақты алаңдарда бірлескен қолдау көрсетуге;
– қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлеріне қарсы іс-қимылды одан әрі дамыту және тереңдету үшін бірлескен күш-жігерді қабылдауға;