Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мынаны көздейтін тұзетулер ұсынылады:
- көлік құралдарының жылдамдығын рұқсат етілгеннен 60 км/сағат және одан жоғары шамаға арттырғаны үшін 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, ал қайта бұзған жағдайда 60 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл көздейтін қатаңдырылған жауапкершілікті енгізу;
- Балама жаза ретінде:
көлік құралдары жүргізушілері алғаш рет күндізгі уақытта сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін;
жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар үшін санкциядан айыппұлды алып тастау (тек ескерту қалады);
- мопед жүргізушілерін механикалық көлік құралы жүргізушілері санатына айқындау;
- жолды және жол құрылыстарын күтіп-ұстауға байланысты құқық бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін енгізу;
- Үкіметтің құзыретінен медициналық куәландыру қағидаларын бекітуді алып тастау.
Қылмыстық кодексіне «басқа механикалық көлік құралы» ұғымына мопедтерді енгізу ұсынылады(3-бабы 8) тармақшасы).
«Жол жүрісі туралы» Заңға мынаны көздейтін тұзетулер ұсынылады:
1) «орташа жылдамдығы» ұғымын және тәртібі мен оны санауын енгізе отырып қаладан тыс түзу учаскелерде «орташа жылдамдығын» асырғаны үшін жауапкершілікті көздеу (көлік құралы жүріп өткен республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтық өткен уақыт аралығына бөлу жолымен айқындалатын жылдамдық);
2) мопед жүргізушілерінің жауапкершілігін механикалық көлік құралдарына теңестіру.
- мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеуді енгізу
мопед жүргізушілерінің «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алуы, ал «А» және «В» санатының болуы «А1» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды;
3) ӘҚБтК 608-бабының 6 және 7-бөліктері бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдарға көлік құралын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру құқығына 7 жылға шектеу енгізу (Заңның 74-бабы). Осыған ұқсас шектеу нормалары медициналық куәландырудан бас тартқан жүргізушілерге де қатысты қолданылатын болады (ӘҚБтК 613-бабының 9,10-бөлігі);
4) техникалық байқау операторлары қызметінің хабарлама тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшу (заңның 89-бабы).
Мопедтерді жол жүрісіне қатысуға рұқсат беруге, техникалық байқау операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібіне өтуге қатысты нормалар ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін 6 ай өткен соң күшіне енеді.