Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

23.04.2024 173

«Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері:

- жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін;

- әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады.

«Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады:

- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын»;

- Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын»;

- Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын».

I және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады.

I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.

III дәрежелі «Айбын» орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.».
Бөлісу