2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелім баждарының сомасын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша анықтамалық ақпарат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы, Хаттама) әзірледі.
Осы Хаттамамен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа уақытша тетікті айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде ұлттық (орталық) банктер арасында АҚШ долларында есептелген қарсы міндеттемелер айырмасының сомасын тараптар Ресей рублімен аударады.
Уақытша тетікті ендіру санкциялық шектеулерге байланысты Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен АҚШ долларында есеп айырысудың мүмкін болмауынан туындаған мәжбүрлі шара болып табылады.
Анықтама үшін:2022 жылғы ақпан – мамыр аралығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бюджеттері аталған елдерден кедендік баждары бойынша түсімдер алған жоқ, бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген міндеттемелер орындалмады, бұл тараптарға қатысты өсімпұл салуға әкеп соқтырды.
Бұл ретте қаржы министрлігі (қазынашылықтар) жүргізетін кеден баждарының сомаларын елдердің бюджеттеріне бөлу және есепке алу тетігі өзгерген жоқ және ұлттық валютада сақталды.
Анықтама үшін: Кедендік баждарды бөлу және алынған сомаларды ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің шоттарына есепке алу Еуразиялық экономикалық одақтың төлеуші елдерінің ұлттық валюталарында, ал одан әрі ҚР бюджетіне теңгемен аударылады.
Хаттамаға Еуразиялық экономикалық одақ елдері мемлекеттерінің барлық басшылары 2023 жылғы 23 қарашада қол қойды. Бұл ретте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 18 мамырдағы №1 шешімімен үкіметтер мен орталық банктерге Хаттама күшіне енгенге дейін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарсы міндеттемелер бойынша транзакцияларды АҚШ долларында да, сондай-ақ Ресей рублінде де жүргізу тапсырылды.
Осылайша, уақытша өзгерістер енгізу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне кедендік баждарды аударудың үздіксіздігін қамтамасыз етті.