Руслан Рүстемов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы парламенттік делегациялардың кездесуіне қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы парламенттік делегациялары басшыларының үйлестіру кездесуіне қатысты.
Кездесудің негізгі күн тәртібінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің парламенттік делегацияларының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы сыртқы саяси қызметін үйлестіру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, кездесуде 29 маусым мен 3 шілде аралығында Порту қаласында өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 32-ші жыл сайынғы сессиясына дайындыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздік, тұрақты даму және халықаралық парламенттік алаңдар аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне айрықша назар аударылды.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)