Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Руслан Рүстемов: Цифрландыру дәуіріндегі стратегиялық міндет – білікті кадр даярлау

29.10.2025 140

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов «Цифрландыру дәуіріндегі жаңа міндеттер» тақырыбы бойынша өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Сенатор өз сөзінде бүгінде әлем экономиканы, өнеркәсіпті және қоғам құрылымын цифрлық технология өзгертетін қарқынды өзгеріс дәуірінде өмір сүріп жатқанын атап өтті. Бұл жағдайда елдің тұрақтылығы мен дамуы тәуелді болатын «еңбек адамы» – білікті жұмысшы, инженер, шебер негізгі тұлғаға айналады.

«2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл еңбек адамына деген құрметті күшейтуге және кәсіптік білім берудің маңызын атап өтуге арналған ерекше бастама. Мемлекет техникалық білім беруді дамытуға, колледждерді жаңғыртуға, дуальды жүйе мен цифрлық технологияны енгізуге ерекше назар аударады. Заманауи оқу-өндірістік орталықтар құрылуда, кәсіпорындармен ынтымақтастық нығайтылуда. Мұның бәрі колледж түлектерінің уақыт талабына сай болуына және цифрлық экономика жағдайында өздерін еркін сезінуіне бағытталған», - деп атап өтті Руслан Рүстемов.

Сенатор пікірсайыс барысында жасанды интеллект, робототехника және автоматты жүйелер кәсіпорындарға қалыпты жағдайға айналатынын атап өтті. Сондықтан техникалық білім беру жүйесінің алдында цифрлық санатта ойлауға, заманауи шешімдердің көмегімен технологиялық процестерді түсінуге және басқаруға қабілетті мамандарды даярлау жөнінде жаңа міндеттер тұр.

«Қазіргі жұмысшы – автоматтандырылған жүйелерді, цифрлық платформаларды және деректерді талдауды меңгерген маман. Өндірістің тиімділігі, еңбек қауіпсіздігі және өнімнің сапасы оның құзыреттілігіне байланысты. Мұндай кадрларды даярлау – еліміздегі барлық техникалық колледждердің стратегиялық міндеті», - деп атап өтті Руслан Рүстемов.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу