Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Қызылордада азаматтарды қабылдап, Президент белгілеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық саясаттың басымдықтарын талқылады

06.01.2026 151

Сенат депутаттары Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары аясында азаматтарды қабылдады. Кездесуге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Азаматтарды қабылдау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін, инфрақұрылымның жай-күйін, халықты әлеуметтік қолдауды және құқық тәртібін қамтамасыз етуді талқылауға арналды. Бұл бағыттарға ел Президентінің жуырдағы «Қазақстан жаңа жаңғыру кезеңіне аяқ басты» атты сұхбатында ерекше назар аударылған болатын. Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалардың табысы көбінесе олардың іс жүзінде іске асырылуымен және адамдардың күнделікті проблемаларына көңіл бөлумен анықталатынын атап өтті.

Қызылорда тұрғындары инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сондай-ақ заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді көтерді. Сенаторлар қолданыстағы заңнама шеңберінде әрбір өтініш бойынша түсініктемелер берді, жекелеген ұсыныстар жұмысқа алынып, құзыретті мемлекеттік органдарға жолданды.

«Президент айтып отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге формальды емес, мазмұнды көзқарасты және олардың шешілуіне тұрақты парламенттік бақылауды талап етеді», - деп атап өтті Руслан Рүстемов.

Қабылдау қорытындысы бойынша айтылған барлық бастама мен проблемалық мәселелер бақылауға алынды, олардың одан әрі сүйемелденуі бейінді мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу