Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаттары Қызылордадағы Инклюзивті спорт орталығының ашылуына қатысты

12.01.2026 155

Сенат депутаттары облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевпен бірге Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Заманауи спорт нысаны волейбол, күрес және жалпы дене дайындығына арналған залдармен жабдықталған және бір мезетте 130-дан астам адамның тұрақты түрде спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Бөлісу