Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

18.12.2025 138

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында бірқатар маңызды заң жобалары екінші оқылымда қаралды.

 Комитет отырысында архив ісін жетілдіруге, құжаттарды цифрландыруға, ұлттық архив қорының құрамын кеңейтуге, сондай-ақ балаларды құқыққа қайшы және зиянды контенттен қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулер талқыланды.

 Ұсынылып отырған нормалар тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, архив саласының мәртебесін арттыруға және қоғам үшін маңызды әлеуметтік-құқықтық мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.

 

Заңның мақсаты архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік архив қызметінің тиімділігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Заңда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, сондай-ақ «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Байланыс туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы», «Кинематография туралы», «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» және «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Заңмен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қатысты нормамен толықтырылады, оған сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін архив ісі саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі жергілікті өкілді органмен келісіледі. Сондай-ақ, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін архив ісі саласындағы мамандарға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайларда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін норма енгізіледі.

Заң қабылданған кезде Ұлттық архив қорының сақталуын қамтамасыз ету, цифрландырылған құжаттардың үлесін ұлғайту және балалардың құқықтарын цифрлық кеңістіктегі теріс контенттен қорғау жөніндегі жүйені күшейту күтілуде.

Бөлісу