Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Мемлекеттің ғана емес, бүкіл халықтың ортақ құжаты

03.02.2026 203

 Қазақстанның жаңа Конс­ти­туциясының жобасы ресми түрде жарияланды. Бұл – елі­міздің саяси-құқықтық жүйе­сін түбегейлі жаңғыртуға ба­­ғыт­тал­ған ауқымды әрі жауапты қадам. Конституцияның жаңа нұс­­қасының басты ерекшелігі адам­ға бағдарланған мемлекет қағидатының айқын бекітілуі. Алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекет­тің не­гізгі басымдығы ретінде Преамбулада көрсетілді. Әді­леттілік, Заң мен Тәртіп, таби­ғатқа ұқыпты қарау, цифрлық ортадағы құқықтарды қор­ғау сияқты қағидаттар Консти­туция деңгейінде бекітуге ұсынылып отыр.

«Біз, біртұтас Қазақстан хал­қы, байырғы қазақ жерін­де мемлекеттілікті нығай­та отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық та­ри­хының са­бақ­тастығын сақ­тап, мем­ле­кеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағы­ның тұтастығына қол сұғу­ға болмайтынын нақты­лап, Әділетті Қазақстан идея­­сын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, азамат­тардың құқықтары мен бостан­дықтары мүлтіксіз сақта­ла­тынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қа­ғи­­даттарына сүйеніп, мәде­ниет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағ­дарға алып, табиғатты ая­лау қажеттігін мойындап, бей­бітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоға­ры жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республика­сының Ата Заңын – осы Консти­туцияны қабылдаймыз», – деп басталатын Жаңа Ата Заң жобасындағы бастапқы мәтін­нен преамбулаға «Ұлы Дала» ұғымы енгізіліп, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» және «Құқық пен тәртіп» ұғымдары да нақтыланғанын байқауға болады.

Сондай-ақ білім мен ғылым, мәдениет пен инно­вация мем­лекеттің страте­гиялық болашағын айқын­дайтын басты құндылықтар ретінде белгі­ле­ніп, Қазақстан дамуының табиғи байлықтарға емес, адами капиталға негіз­делетінін аңғартатын маңыз­ды бетбұрыс ретінде көрініс табуда.

Жобада бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құру, Халық Кеңесін қалыптас­тыру, Вице-Президент инсти­тутын енгізу, адвокатура мен зияткерлік меншікке консти­туциялық кепілдік беру, аза­­маттардың құқықтарын қор­ғауды күшейту сынды бірқатар маңызды жаңалық­тар бар. Қазіргі таңда Конституция жобасы бойын­ша ұсыныстар e-Otinish және eGov порталдары арқылы қабылданып жатыр. Ал жаңа Ата Заңның тағдыры еліміздің азаматтарының дауыс беруі­мен жалпыұлттық рефе­рен­думда шешіледі.

Конституция – ішкі рег­ла­мент те, ведомстволық құжат та емес. Ол – мемлекет пен қоғам арасындағы не­гізгі қоғамдық келісім. Сон­дықтан оны талқы­лау үдерісі қаншалықты ашық әрі айқын болса, қабылданатын шешім­дердің де тұрақтылығы сон­шалықты жоғары болады.Референдумда қабылдауға ұсынылатын Жаңа Ата заң жоба­сы – мемлекеттің ғана емес, бүкіл халықтың ортақ құжаты. Осы өзгерістер әрбір азаматтың ел болашағына тікелей ықпал етуіне берілген тарихи мүмкіндік.

 

Руслан Рүстемов,

Парламент Сенатының депутаты

 

Ақпарат көзі: https://aqmeshit-aptalygy.kz/newspaper/memleketting-ghana-emes-buekil-halyqtyng-ortaq-quzhaty-95207/ 

Бөлісу