Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Руслан Рүстемов кітапхана саласының қызметкерлерімен жаңа Конституцияны талқылады

26.02.2026 252

Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында жастарды қолдауға, ғылыми әлеуетті дамытуға және маңызды қоғамдық бастамаларды талқылауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.

Қармақшы ауданындағы Оқушылар үйінің базасында оқушылар арасында «Жасанды интеллект: бүгінгі идея – ертеңгі шешім» тақырыбындағы аудандық ғылыми-практикалық жобалар байқауының ашылуы болды. Жас зерттеушілер цифрлық технологиялар, IT-шешімдер және жасанды интеллектті қолдану саласындағы өз әзірлемелерін таныстырып, ғылым мен инновацияға деген жоғары қызығушылықтарын көрсетті.

Кездесуде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адам капиталын, ғылымды, білімді және инновацияны дамытуға мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары ретінде ерекше мән берілгеніне назар аударылды. Бұл ережелер сапалы білім алуға, ғылыми қызметке және жастардың инновациялық идеяларын жүзеге асыруға тұрақты құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ биылғы жылдың «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануы осы бағыттағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдарын айқындайтыны атап өтілді.

Сонымен қатар республикалық коалиция жұмысы аясында Руслан Рүстемов кітапхана саласының қызметкерлерімен кездесті. Ашық әрі мазмұнды форматта өткен диалог рухани құндылықтарға, мәдениет пен білімнің рөліне, сондай-ақ Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызына арналды.

Өз сөзінде Руслан Рүстемов әділдік, ашықтық және азаматтардың құқықтарын қорғау принциптері еліміздің жаңарған қоғамдық бағытының негізі екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция - әрбір азамат өз құқығының қорғалуын және мүмкіндіктер теңдігін сезінетін мемлекеттің іргетасы. Әділдік принциптері нақты шешімдер мен іс-әрекеттерден көрініс тауып, қоғамдық диалог тұрақты әрі мазмұнды болуы маңызды», - деді сенатор.

Кездесуге қатысушылар мәдени және білім беру ортасын дамыту, рухани құндылықтарды сақтау және оқу мәдениетін нығайту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Мұндай диалог алаңдары қоғам мен мемлекет арасындағы сенім мен серіктестікті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Бөлісу