Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар ҰҚШҰ ПА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

27.03.2026 176

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Андрей Лукин, Алишер Сатвалдиев, Әлібек Нәутиев, Руслан Рүстемов, Сергей Ершов және Геннадий Шиповских бейнеконференция байланысы түрінде өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Шаралар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жоспарлы жұмысы аясында ұйымдастырылды және онда Ұйымға мүше мемлекеттердің парламентшілері бас қосты. Қазақстандық сенаторлар Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі, Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі, сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиялардың жұмысына атсалысты.

Отырыстар барысында ұжымдық қауіпсіздікті нығайтудың, парламентаралық іс-қимылды дамытудың және ҰҚШҰ-ның келісімшарттық-құқықтық базасын жетілдірудің өзекті мәселелері қаралды. Мүше мемлекеттердің заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге ден қоюдағы тәсілдерін үйлестіруге, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың парламенттік өлшемінің маңыздылығын атап өтіп, ұлттық Парламенттер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту бойынша пікір алмасты.

Бөлісу