Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенаты Төрағасының 2022 жылғы
«31» қаңтардағы № 001-ө/д
өкімімен бекітілді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлу
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенаты Төрағасының орынбасары
О.В. ПЕРЕПЕЧИНА
Мына мәселелерді:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заңнамалық қызметін жүзеге асыруды;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырыстарын әзірлеуді;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қызметін ағымдағы жылға жоспарлауды;
- Коституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қаржы және бюджет, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту тұрақты комитеттерінің қызметін ұйымдастыруды;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қызметінде нормативтік құқықтық актілердің, соның iшінде «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Парламент және Сенат регламенттерінің сақталуын;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитеттерінің парламенттік тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, көшпелі отырыстар мен кездесулерді әзірлеуін және өткізуін;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының әртүрлі комиссияларға қатысуын;
- қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруды үйлестіреді.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен, министрліктермен және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен өзi басқаратын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенаты Төрағасының орынбасары
А.О. ШӘКІРОВ
Мына мәселелерді:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін сақтауын;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттарымен өзара іс-қимыл жасауын, оның ішінде депутаттар мен Палата басшылығының өңірлерге баруын;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы депутаттық топтардың қызметін ұйымдастыруды;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының іссапарларға шығуын;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етуді;
- Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің қызметін ұйымдастыруды;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын ұйымдастыруды;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының қызметін қаржылық-шаруашылық, көліктік және өзге де қамтамасыз ету мәселелері бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасымен өзара іс-қимыл жасауды;
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыруды үйлестіреді.
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен, министрліктермен және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен өзі басқаратын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.