Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта мемлекеттік аудит тетіктерін жетілдіру және бюджет шығыстарының ашықтығы мәселелері талқыланды

26.02.2025 868

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Өзекті институционалдық негіздер: мемлекеттік аудитті одан әрі дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Сенат комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов өз сөзінде мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру қаржы, бюджет және салық тәртібін нығайтуға, сондай-ақ мемлекет қаржысын игерудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттің тиімділігі мемлекеттік функциялар мен міндеттерді іске асыратын органдарға ғана емес, сонымен қатар аудит пен қаржыны бақылаудың тиімді жүйесіне де байланысты, өйткені ол бюджет қаржысын пайдалану кезінде қаржы тәртібін сақтау саласындағы пәрменді тетіктің бірі болып табылады. Алайда, аудит мәселесін реттейтін салалық заңнаманы қолдану тәжірибесін ескере отырып, жүргізілген ауқымды жұмыстарға қарамастан қазірдің өзінде оның мүмкіндіктерін әлі де жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта мемлекеттің негізгі міндеті қазіргі проблемаларды шешу және оны дамытудың келешек бағыттарын айқындау арқылы мемлекеттік аудит пен қаржы бақылаудың пәрменді жүйесін қалыптастыру болып табылады», - деп атап өтті Сұлтанбек Мәкежанов.

Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері тексеру комиссияларын кадрмен қамтамасыз етудегі проблемаларды, аудиторлардың еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігін, сондай-ақ мемлекеттік аудитті цифрландыру мәселелерін атап өтті. Қаржы министрлігі 2024 жылғы жұмыстың қорытындысын хабардар етті. Оған сәйкес аудит 9 трлн теңгеден астам қаржыны қамтыған, онда 340,9 млрд теңге қаржы заңының бұзылғаны анықталды, сондай-ақ электрондық аудит пен бюджет процестері мониторингінің цифрлық құралдарын енгізу бойынша жұмыстар жалғасын тапты.

Қатысушылар дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келіп, мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіру, қаржы бақылау органдары арасындағы үйлестіруді күшейту, сондай-ақ аудиторлық рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру жолында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

 

Бөлісу