Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Жер қойнауы туралы кодекске енгізілген түзетулерді талқылады

09.12.2025 659

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып, оған салалық министрліктердің өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының саланы цифрландыру және жер қойнауын пайдалану процестерін ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралды.

Түзетулер техногендік минералдық түзілімдерге ққатысты жұмыспен жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін нақтылайды. Өнеркәсіп қауіпсіздігі және жер қойнауын пайдаланушылардың дәйексіз деректер үшін жауапкершілігі жөніндегі талаптар күшейтіледі. Ірі жобаларды іске асыру кезінде стратегиялық инвесторлардың жер қойнауын пайдалану құқығын басым алу мүмкіндігі көзделіп отыр.

«Заңның негізгі бөлігі жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы болып табылады. Ол арқылы лицензиялар ресімделеді, аукциондар өткізіледі, міндеттемелердің орындалуы қадағаланады және жер қойнауын пайдалану құқықтарын кері қайтарып алу жөнінде шешімдер қабылданады. Платформада барлау үшін қол жетімді сайттарды көруге мүмкіндік беретін интерактивті карта бар. Сондай-ақ, Ұлттық геологиялық қызметтің геоақпарат операторы мәртебесі бекітіліп жатыр», - деді Сағындық Лұқпанов.

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді дамыту шарттары бөлек атап өтілді. Заңда жаңа салық жеңілдіктері ескерілген және қайта өңдеу келісімдері үшін ең аз инвестиция көлемі көбейтілген. Бұл шаралар жаңа өндірістерді іске қосуға және еліміздегі қосымша құнды арттыруға бағытталған.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу