комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.
Құжатта 2016 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ассамблеясының 39-сессиясында қабылданған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға хаттамаларды ратификациялау көзделіп отыр. Өзгерістер Ұйым органдарының құрылымын жетілдіруге және оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, ICAO кеңесінің құрамын 36-дан 40 мемлекетке дейін ұлғайту көзделіп отыр, бұл қатысушы елдердің неғұрлым әділетті және теңгерімді географиялық өкілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ техникалық сараптаманы күшейту және халықаралық авиациялық стандарттарды әзірлеу тиімділігін арттыру үшін аэронавигациялық комиссияның құрамын 19-дан 21 мүшеге дейін көбейту ұсынылды.
Сонымен қатар 2022 жылы ICAO Ассамблеясының 41-ші сессиясында мүше мемлекеттер ұйым органдарын реформалау қажеттігі туралы қарар қабылдап, тиісті хаттамаларды жедел ратификациялауға шақырғаны атап өтілді. Өзгерістердің күшіне енуі үшін 128 ратификация қажет, бұл ретте бүгінгі күні құжаттарды 120 мемлекет ратификациялаған. Хаттамаларды ратификациялау Қазақстанға халықаралық авиациялық саясатты қалыптастыруға белсенді қатысу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ICAO органдарының құрамына еліміздің кандидатурасын ілгерілету үшін алғышарттар жасайтын болады.
Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)