Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта Дүниежүзілік банк тобымен әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң талқыланды

16.03.2026 211

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заң қаралды.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің және Жоғары аудиторлық палатасының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Негіздемелік келісімді ратификациялау Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен ынтымақтастығын нығайтуға және экономиканың тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталғаны атап өтілді. Құжат экономикалық өсуге, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуді көздейді.

Сондай-ақ келісім сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, экологиялық және әлеуметтік стандарттар, ақпаратқа қол жеткізу және гендерлік даму салаларында Дүниежүзілік банктің халықаралық стандарттарын қолдануға мүмкіндік беретіні баса айтылды.

Бұдан бөлек, ынтымақтастық макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылықты қолдауды, ауыл шаруашылығын дамытуды, шағын және орта бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуді, инфрақұрылымды жаңғыртуды, сондай-ақ инновациялар мен цифрлық технологияларды дамытуды қарастырады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу