Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Нұрлан Бекназаров ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушыларымен саяси реформалардың барысын талқылады

17.03.2026 523

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров Дуглас Уэйк бастаған ЕҚЫҰ ДИАҚБ мониторингтік миссиясының өкілдерімен кездесті. Тараптар өткен республикалық референдумды байқау процесін және Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен одан әрі ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Нұрлан Бекназаров Қазақстанда реформалау жүйелі және сатылы сипатқа ие екенін, қоғамдық сұранысқа сүйенетінін және мемлекеттік басқарудың неғұрлым орнықты және теңдестірілген үлгісін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйегінде жыл сайынғы Жолдауында Парламенттің бір палаталы үлгісіне көшуді ұсынған болатын. Содан кейін тиісті өзгерістерді дайындау үшін конституциялық реформа жөніндегі Комиссия құрылды және ол жаңартылған Конституцияның жобасын әзірледі.

«Жаңа Конституцияның жобасы еліміздің болашақ даму ауқымын көрсетеді, құқықтық мемлекет, қоршаған ортаны қорғау және цифрлық құқықтарды сақтау қағидаттарын бекітеді. Бұл ретте адам құқығы мен бостандығы мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп жарияланды. Референдумда бұл бастамалардың қолдау табуы институционалдық жаңарудың және мемлекеттіліктің жаңа келбетін қалыптастырудың жаңа дәуіріне бастайды», - деп атап өтті сенатор.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ мониторингтік миссиясының өкілдері өз кезегінде қазақстандық парламентшілермен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, саяси реформалардың барысымен және референдумның ұйымдастырылуымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. Олар сайлау процесіне деген сенімді нығайту құралы ретінде халықаралық байқаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстанның жоғары өкілді органымен сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу