Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы заңды қарады

02.04.2026 529

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қаралды.

Құжатқа екі мемлекеттің басшылары 2024 жылғы 22 тамызда Душанбе қаласында Қазақстан Президентінің Тәжікстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойған болатын. Шарт одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуді және бағыттардың кең ауқымы бойынша өзара іс-қимылды дамытуды көздейді.

Сөз саяси, әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, азық-түлік, өнеркәсіп, су-энергетика, экология, цифрлық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту туралы болып отыр. Сонымен қатар, құжат өңіраралық интеграцияны нығайтуға, сондай-ақ достық топтарының қызметі шеңберінде парламентаралық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Отырыс барысында геосаяси тұрақсыздық жағдайында Шартты ратификациялау саяси диалогты одан әрі дамытудың, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың және екі мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды негізі болатыны атап өтілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу