Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Халықаралық Валюта Қорымен меморандумды ратификациялау туралы заңды қарады

20.04.2026 279

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заң қаралды.

Өңірлік орталықтың қызметі Қазақстанның мемлекеттік органдары қызметкерлерінің макроэкономикалық талдау, ақша-несие және бюджет саясаты, қаржылық реттеу және қадағалау, сондай-ақ макроэкономикалық статистика мәселелері бойынша кәсіби дағдысын дамытуға және құзыреттерін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді. Сонымен қатар, орталықтың бағдарламалары бенефициар елдерге институттарды нығайтуға және тұрақты өсуге ықпал ететін негізделген экономикалық саясатты әзірлеу және іске асыруда біліктілікті арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша меморандумды ратификациялау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару саласындағы ұлттық институционалдық әлеуетті нығайтуға жәрдемдесетінін атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу