Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талқыланды

30.04.2026 470

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады. 

Құжат жануарларға жауапкершілікпен қарау жөніндегі заңнаманы жетілдіруге, азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және жануарларға ізгілікті көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Заңда үй жануарларын бағу мен олардың айналымына бақылауды күшейту көзделіп отыр. Тіркелген жағдайда ғана жануарларды сатуға және басқаға беру мүмкіндігі туады. Сондай-ақ, жануарларды ұстау және серуендетуге қойылатын талаптар бұзылған жағдайда келген зиянды иелері немесе жауапты тұлғаларға өтеу міндеті белгіленеді. Жануарды бұдан былай ұстау мүмкін болмаған жағдайда иесі оған күтім жасауды қамтамасыз етуге не оны баспанаға, уақытша ұстау пунктіне немесе қажетті жағдайлар жасауға қабілетті адамдарға беруге міндетті. 

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу