Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Нұрлан Бекназаров конституциялық даму мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты

14.05.2026 567

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров Түрікменстан Конституциясы мен Мемлекеттік туы күніне орай ұйымдастырылған «Конституция – мемлекеттердің дамуы мен қоғам әл-ауқатының құқықтық кепілі» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Іс-шараға Орталық Азия елдері мен Әзербайжан парламенттерінің депутаттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық Одақтың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының мүшелері қатысты.

Конференция барысында қатысушылар конституцияның мемлекеттердің тұрақты дамуының, демократиялық институттарды нығайтудың, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі кепілі ретіндегі рөлін талқылады. Сонымен қатар заң шығару қызметін жетілдіру және парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

Жиында Парламент жұмысын жаңғырту, ұлттық және халықаралық құқықтық нормаларды үйлестіру, сондай-ақ заң шығару органдарының қызметіне цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Халықаралық диалог құқықтық жүйелерді одан әрі дамыту және Парламенттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу алаңына айналды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу