Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қаралды. Отырысқа Сенат депутаттары мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Талқылау барысында ұлттық қауіпсіздікті және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру жөніндегі ережелер қаралды.
Түзетулерде әлеуетті құрылымдардың дағдарыс және төтенше жағдайларға орай әрекет етудің жеделдігін арттыру, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді нақтылау, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын күшейту жөніндегі шаралар көзделіп отыр.
Заңдарда сонымен қатар қызметтің ішкі үдерістерін бюрократияландыру мен цифрландыруға, мекемеаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге қатысты ережелер де көзделген.
Отырыс барысында мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнама талаптарын қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске салалық заңнаманың жекелеген ережелерін үйлестіруді көздейтін түзетулер талқыланды.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)