Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.
Аталған заң қорғаныс, әскери қызмет, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету және халықаралық әскери ынтымақтастық саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген.
Отырыс барысында қатысушылар шетелдегі әскери өкілдік аппаратының құқықтық мәртебесін айқындау, әскери қызметшілерді жоғары лауазымдарға іріктеу үшін цифрлық рейтинг жүйесін енгізу, сондай-ақ олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған шараларды талқылады. Атап айтқанда, қызмет өткеру барысында қосымша кепілдіктер белгілеу, жұмыстан шығару туралы шешімдерге шағымдану тәртібін реттеу және әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау шараларын кеңейту ұсынылуда.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)