Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заң қаралды: азаматтардың құқықтарын қорғау күшейе түседі

09.06.2026 456

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде кеңейтілген отырыс өтті. Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

Отырыс барысында құжат атқарушылық іс жүргізу саласын одан әрі жетілдіру мен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыру мен сот орындаушыларының қызметін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.

Заң ережесінде ұсыну мерзімі өтіп кеткен атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеп орындау шараларының күшін жою жөніндегі автоматтандырылған тетік енгізу, атқарушылық іс-қимылдарын аудио және бейнетіркеу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін жетілдіру көзделіп отыр. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын дауларды реттеу үшін медиативтік келісімдер жасай алады.

Түзетулердің жеке бөлігі атқарушылық рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, куәгерлердің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда жекелеген атқарушылық әрекеттерді міндетті түрде бейнетіркеу енгізіледі, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың әділет органдарымен өзара іс-қимыл тетіктері нақтыланады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу