Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Депутаттар Атырау облысының ауруханаларына 15 тыныс алу аппараттарын табыстады

24.07.2020 707

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев пен Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау облыстық мәслихатының әріптестерімен бірлесе өңірлік ауруханаларға15 өкпені жасанды желдету аппараттарын табыстады.

Аталған аппараттар Түркиядан Алматыға жеткізіліп, одан әрі Атырау облысына жіберілді. 6 миллион теңгеге алынған тыныс алу аппараттары Исатай, Махамбет, Қызылқоға, Құрманғазы және Індер аудандарына таратылды.

Депутаттар әлі де пандемиямен күресте алдыңғы қатарда болып,тәулік бойы адам өмірлерін құтқарып жүргенмедицина қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, сондай-ақ барлық көрсетілген көмек індетті тезірек жеңуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді.

Бөлісу