Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта халықты астықпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

08.12.2020 905

Сенатта болған Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде елді азық-түлік астығымен қамтамасыз етуге кепілдік беру мақсатында әзірлеген болатын. Заң жобасы жергілікті бюджеттердің есебінен сатып алу және жеткізу арқылы тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, оператордың резервтік қорды сақтауға кеткен шығындарын осылай өтеуге мүмкіндік береді.

Заңға енгізілген түзетулер ішкі нарықты тұрақтандыруға және астық индустриясында экспорттық инфрақұрылымыд дамытуға ықпал етеді.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті заң жобасын Палатаға ұсынды.

Бөлісу