Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор дәрігерлермен бірге эпидемиологиялық жағдайды талқылады

06.01.2021 449

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарда болды.

Сенатор Көкпекті ауданының медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын талқылады. Дәрігерлер мамандар жетіспеушілігі туралы мәселелерді көтерді. Сенатор өз кезегінде аудан әкімшілігіне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.

«Мемлекет медицина саласын қолдауға көп қаражат бөледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша байыпты шаралар қабылдануда. Пандемиямен күрестің басында тұрған дәрігерлердің ұсыныстары,  пікірлері мен үшін  маңызды екенін айтқым келеді. Алайда, қазір кадрларды жедел қайта даярлау және шұғыл шешімдер қабылдау қажет», - деді Дүйсенғазы Мусин.

Сенатор сонымен бірге аудандық спорттық-сауықтыру орталығы мен Құлынжон ауылындағы жалпы білім беретін мектепте болды.

Бөлісу