Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенаторлар ғылыми саланы жетілдіру мәселелерін талқылады

02.03.2021 190

Депутаттар бүгін Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылады. Отырысқа сенатор Нариман Төреғалиев төрағалық етті.

Ғылымды, ғылыми-техникалық саланы жетілдіруге және оның нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген болатын.

Ұсынылып отырған инновациялар ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл қолданбалы ғылыми жаңалықтардың санын көбейтуге, сондай-ақ ел экономикасын дамытуға ғылымның қосатын үлесін арттыруға көмектесетін болады.

Өзгерістер еңбек қатынастарына да әсер етеді. Еңбек кодексіне енгізілетін өзгерістерге сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен оқытушысына мемлекеттік қызметке кіру және бос мемлекеттік қызметші лауазымына конкурс өткізу тәртібі қолданылмайтын болды.

Комитеттің кеңейтілген отырысына қатысушылар Заң жобасы қабылданғанда ғылым саласында мемлекеттік реттеу жетілдіріледі және осы саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деген ортақ пікірге келді.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.

Бөлісу