Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты

04.03.2021 879

Сенат депутаты Ольга Перепечина ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бақылау-бюджет комиссиясының кезекті отырысына қатысты. Комиссия мүшелері ТМД ПАА қызметін қаржыландыруға байланысты бірқатар мәселелерді қарап, осы комиссияның өткен жылғы жұмысының қорытындыларын тыңдады.

Сонымен қатар, сенатор Бақытжан Жұмағұлов ТМД ПАА Ғылым және білім жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына да қатысты. Отырыс барысында қатысушылар ғылым және білім саласындағы үлгі заңнамалық актілерді, атап айтқанда "Зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" заң жобасын қарады. Сондай-ақ зерттеулер мен жаңалықтарға арналған этикалық стандарттармен бірге жасанды интеллекті пайдалануды нормативтік реттеу жөніндегі ұсынымдар тұжырымдамасы да талқыланды.

Бөлісу