Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті

23.04.2021 559

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Жүздесушілер екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы парламентаралық диалог Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Екіжақты қарым-қатынастарда өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекара маңы саудасына тиесілі. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары шекара маңындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумдары өткізіліп келеді. Біздің сенаторларымыздың басым бөлігі белгілі бір аймақтардан сайланған. Сондықтан сенаторлар біздің елдеріміз Президенттерінің барлық бастамаларын қолдайды әрі жүзеге асыруға белсене қатысып келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасының айтуынша, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ғылыми-білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда табысты дамып келеді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген Е.Үкібаев)

 

Бөлісу