Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ольга Перепечина: Қаржыландыру мәселелерін шешу маңызды

08.05.2021 621

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының медицина қызметкерлерімен денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен кездесу барысында онкологиялық науқастарға химиотерапиялық көмекті қаржыландырудағы қиындықтар, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге қол жеткізу және денсаулық сақтау ұйымдарының шығыстары мәселелері сараланды.

Сенатор аталған мәселелердің бәрі медициналық процесті тежейтінін, осыған байланысты көрсетілетін қызметтердің сапасы зардап шегетінін атап өтті.

"Дұрыс ыңғайлы және тиімді емдеуді қамтамасыз ету Сіздердің міндеттеріңіз, бірақ ол жеткілікті дәрежеде қаржыландырылмаса мүмкін болмайды. Жыл сайын республикалық бюджеттің қомақты көлемі денсаулық сақтау саласына бағытталады. Аталған проблемалар басқа өңірлерде де кездеседі деп ойлаймын. Тиісінше, мұндай мәселелерді Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде көтеру қажет. Мен онымен айналысатын боламын", - деді сенатор Ольга Перепечина.

Сенатор сапар соңында Петропавл қаласының вакцинация пункттерінде болды. Облыс басшылығының ақпараты бойынша, қалада 93 стационарлық егу пункті және 53 жылжымалы пункт жұмыс істейді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу